
2022 жылғы 14 қыркүйек күні “Азово орта мектебі” КММ-де аудан мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасаларына арналған аудандық семинар өтті. Семинар тақырыбы - “Тәрбие үрдісіндегі экологиялық тәрбие жолдары”. Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ерсаинқызы Гаухар оқу жылының басталуымен құттықтап, оқу жылына шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. Семинардың мақсаты:
Ұлан ауданының білім беру мекемелерінің экологиялық білім беру және ағарту жұмыстарын жандандыру; директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына жорықтарда, экспедицияларда, семинарларда қолданылатын әдістемелік техникалармен және педагогикалық технологиялармен таныстыру. Семинар барысында тәрбие ісінің меңгерушілері өз ойларын ортаға салып, бірнеше сұрақтарға жауап алды.