Ұлан ауданы педагогтерінің Тамыз конференциясы

Ұлан ауданы педагогтерінің Тамыз конференциясы

27 тамыз күні «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында аудандық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі болып өтті.

Дәстүрлі тамыз кеңесінде  Ұлан ауданының әкімі Ренат Тлеуханұлы "Білім мен Ғылым - елдің тұрақты дамуының кепілі" ұранымен бастау алған жаңа оқу жылымен барша ұстаздар қауымын құттықтады. Салтанатты жиынға ауылдық және кенттік округ әкімдері, аудандық мемлекеттік мекеме басшылары, білім беру мекемелерінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары және мектеп мұғалімдері қатысты.

Тамыз кеңесінің күн тәртібінде: «2021-2022  оқу жылында аудандық білім саласында атқарылған шаралар мен алдағы оқу жылына міндеттері» туралы білім бөлімі басшысының м.а Сарипова Маржан Нурмуханбетовна айтып өтті.

"Таврия орта мектебі" директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

Зуева Юлия Михайловна

"Тәрбие үдерісінде отаншылдық құндылықты қалыптастыру" тақырыбында,

"Айжұлдыз" балабақшасының әдіскері Сагынганова Маржан Газымбековна

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары" тақырыбында жарыссөзге шықты.

Ұзақ жыл адал еңбек атқарып, ұстаздық еңбектің қыры мен сырын меңгеріп, шеберліктің шыңына шыққан ардагер ұстаздарымызды  аудандық педагог қызметкерлерінің  кәсіподақ ұйымының төрайымы Кабдрахманова Гульмия Токтамысовна құттықтады.

Жиын соңында білімді дамытудағы қосқан үлестері үшін бірқатар педагогтер марапатталды.