
2022 жылғы 25 тамызда Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі білім беру қызметкерлерінің "Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет"тамыз кеңесі аясында онлайн-режимде «Құндылыққа бағытталған жаратылыстану-математикалық білім беру» пәндік секциясын өткізді.
Секция барысында «2022-2023 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаттың ерекшеліктері түсіндірілді.
Пәндік секция барысында:
Ілиясова Қарлығаш Зарубекқызы, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша "Р. Марсеков атындағы орта мектебі" КММ математика пәнінің мұғалімі "Талантты және дарынды балаларды оқыту"
Боксенова Манат Каукеновна, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша "Бозанбай орта мектебі" КММ физика пәнінің мұғалімі " 7-11 сыныптарда "Физика" пәнін оқытудың ерекшеліктері" тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша кері байланыс кезінде 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатта баяндалған ерекшеліктер бойынша ұсыныстар, проблемаларды шешу жолдары берілді.
Модератор: Байзаурова Назгуль Мейрамгазыевна, Ұлан ауданы бойынша ББ математика, физика пәндерінің әдіскері.