
2022 жылғы 25 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Ұлан ауданының педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру пән мұғалімдері үшін "Білімді ұлт: терең білім, Еңбек және патриоттық қасиет"панельдік отырысы өткізілді.
Секция жұмысы барысында ШҚО ББ "Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ әдіскері Сулейменов Серик Рамазанович 2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып берді.
Секцияда ұсынылған жұмыс тәжірибелері:
Бектембаев Архат Серикович, "Р. Марсеков атындағы орта мектеп"КММ педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі, дене шынықтыру мұғалімі, "Жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың ерекшеліктері"
Зиновьев Сергей Андреевич, педагог-сарапшы "Таврия орта мектебі" КММ дене шынықтыру мұғалімі "Дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Тиімді тәсілдер";
Аталған іс-шараға Ұлан ауданы мектептерінің 40 педагогы қатысып, әдістемелік ұсыныстар алды.
Кері байланыс барысында қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап алды.