АӘТД пән мұғалімдерінің тамыз конференциясы шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің педагогтері үшін «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» панельдік отырысы

АӘТД пән мұғалімдерінің тамыз конференциясы шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің педагогтері үшін «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» панельдік отырысы

 

2022 жылғы 24 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Ұлан ауданының АӘТД пән мұғалімдерінің тамыз конференциясы шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің педагогтері үшін «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» панельдік отырысы өткізілді.

Секция жұмысы барысында ШҚО ББ "Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ әдіскері Сулейменов Серик Рамазанович 2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып берді.

Секцияда ұсынылған жұмыс тәжірибелері:

Журкабаев Муслим Хасенович, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі, "Бозанбай орта мектебі" КММ-нің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі "АӘТД сабақтарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. Тиімді тәсілдер";

Кенжебаев Асқарбек Әбілғазыұлы, педагог-сарапшы, "Гагарин атындағы орта мектеп" КММ-нің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі "Жалпы білім беретін мектептерде АӘТД сабағын ұйымдастырудың ерекшеліктері".

Аталған іс-шараға Ұлан ауданы мектептерінің 19 педагогы қатысып, әдістемелік ұсыныстар алды.

Кері байланыс барысында қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап алды.