Ұлан ауданының 10 сынып оқушыларының бес күндік әскери оқу –далалық жиыны

Ұлан ауданының 10 сынып оқушыларының бес күндік әскери оқу –далалық жиыны

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 13 мамырдағы «Оқу – далалық жиындарын өткізу туралы» № 78 бұйрығы негізінде, 13–17 маусым аралығында, 10 сынып оқушыларының бес күндік әскери оқу –далалық жиыны өткізілді. Әскери оқу – далалық жиынына Ұлан ауданы мектептер арасында 46 оқушы және 22 алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдері қатысты.
Жиын барысында оқушылар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Сәрсен Аманжолов атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, кейін директоры болған Құмарбеков Бекболат Әуесханұлын еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті. Тартысты өткен сайыста үшінші орынды Украинка орта мектеп – балабақша кешенінің оқушысы Александр Толстушин, екінші орынды Бозанбай орта мектебінің оқушысы Амантаев Темірлан, бірінші орынды және ауыспалы кубокты М.Ломоносов атындағы орта мектептің оқушысы Хуатбек Алмас жеңіп алды.
Сонымен қатар, зейнеткерлікке шығуына байланысты Ізғұтты Айтықов атындағы орта мектеп – балабақша кешенінің АӘТД мұғалімі Мусин Ерлан Мұхтарханұлы қойған кубокқа арналған АӘТД мұғалімдері арасында әскери – қолданбалы көпсайыстан турнир өтті. Турнир жеңімпазы және кубок иесі болып Украинка орта мектеп-балабақша кешенінің АӘТД мұғалімі Әуелбаев Саят Ризабекұлы атанды.
Оқушылар Қазақстан Республикасының жарқын болашағы және ел тыныштығын сақтайтын болашақ сарбаздары өздері екендігіне көздері жетіп, ерекше көңіл – күймен үйлеріне оралды.