
2022 жылдың 21 мамырында Ұлан ауданы мектептерінің оқушылары арасында екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Талғат Якупбекұлы Бигельдиновтың 100 жылдығына арналған шағын футболдан турнир өтті. Бірінші орынды Р.Марсеков атындағы орта мектеп оқушылары, екінші орынды М. Ломоносов атындағы орта мектеп оқушылары, үшінші орынды А. С. Пушкин атындағы орта мектеп оқушылары иеленді. Р.Мәрсеков атындағы орта мектеп оқушылары Құсметов Талим турнирдің үздік ойыншысы, Оразғалиев Айдос үздік қақпашысы болып танылды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.