
2022 жылдың 21 мамырында Қазанның 17 жылдығы атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, футбол жаттықтырушысы және директоры (қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп) Рыжов Евгений Семеновичті еске алуға арналған турнир өтті. Бірінші орынды Т. Тоқтаров атындағы мектеп-балабақшасының командасы, екінші орынды Таврия орта мектебінің командасы, үшінші орынды Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің командасы иеленді. Барлық командалар грамоталармен, жеңімпаз команда Е.С. Рыжов атындағы ауыспалы кубокпен марапатталды.