
2022 жылғы 16-19 мамыр аралығында "Рухани жаңғыру" ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының арасында Ұлттық Мектеп лигасының футболдан "Былғары доп" біріншілігі өтті. Зиновьев Сергей Андреевич жаттықтыратын Ұлан ауданының Таврия орта мектебінің қыздар футбол командасы бірінші орын алып, республикалық жарыстарға жолдама алды.