
«Тәуелсіздіктің қайта оралғаны-біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасында».
«Өткенді ескермеген-өшер, өткенді қастерлеген-өсер» - деген мақсатпен дүниеге келген Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, Алаш қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, заңгер, публицист, қазақтың мүддесін көздеп, қамын жеген ұлт ойшылы Райымжан Мәрсеков атындағы білім ордамыз батыр бабамыз Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов кентінде орналасқан.
Ұлы Отан соғысының тарихы тек төрт жылмен шектеліп қалмайды, ол тұтас дәуірді қамтиды, қиындығы мен құпиясы уақыт өткен сайын біртіндеп ашылады. Қаншама уақыт өтседе елге жасаған ерлік ешқашан өшпейді, қайта ел есінде жаңғырады. 1941-1945 жылдары Қазақстан бұл сұрапыл соғысқа миллионнан астам адамын аттандырды. Бұл соғыстың аяқталғанына биыл жетпіс жетінші көктем. Біз бүгінде Ұлы Жеңісті өзінің жанкешті ерлігімен жақындатқан Кеңес Одағының Батыры атағын алған аталарымызды еске ала отырып, әруақтарына бас иеміз.
Биылғы 2021-2022 оқу жылында «Біз батыр елдің ұрпағымыз» атты әскери акция барысында бірнеше іс-шаралар оқушылармен және ардагерлермен қамтылды.
Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінің ағымдағы оқу жылында ашылған «Жас Сарбаз» кадет сыныбының қатысуымен «Ер досы – қару» атты әскери қарумен ашық саптық сабақтары өткізілді. Сабақ мақсаты-ұландарымызға батыр ата-бабаларымыз қарумен көптеген майдандарда жеңіске жеткендері көрсету және қарумен саптық элементтерімен таныстырып, практикалық жұмыстар жасату.
«Отан-оттан да ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» – деп халықтың қаҺарманы Бауыржан атамыз текке айтпаса керек. Сөзіне ісі сай өжет атамыз елін, жерін қорғауда аянбаған. Ерлігін естіп, батырдың есімін тасқа қашап жазсақ та, кітапқа, газетке жазсақ та лайық деп ойлаймын. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев аталарымыздай, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, ұшқыш Хиуаз Доспанова апаларымыздай батыр болу кез келгеннің қолынан келе бермес.
Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.
Біздің қазақтың батыр, ержүрек, қайтпас қайсар, намысшыл ерлері көп болса екен. Ата-бабамыз аманат еткен ұлы даламыз жау қолына тимесе екен. Қанымызға сіңген, бойымызға дарыған ұлттық тәрбиеміз, салт- дәстүріміз, мәдениетіміз, ана тіліміз еш уақытта жойылмаса екен. Ана тілімді ойласам, қазіргі көп тілділік жүрегімді тілім-тілім етеді. Өзге тілді білген қандай жақсы, бірақ өз тілімізді өзгеге де сыйлата білуіміз қажет. Менің ана тілім ˗ ұлтымның өзегі, нәрі. Мен үшін ешнәрсеге, ешкімге айырбасталмайтын алтыннан да қымбат, бағалы, құнды дүние деп есептеймін.