
2022 жылғы мамыр айының 11 күні Каменка орта мектебінде Ұлы Жеңіс күніне және екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығына арналған ер мұғалімдер және оқушылар арасында пневматикалық мылтықпен оқ атудан жарыс өтті.
Тартысты өткен жарыста окушылар арасында І орынды М. Ломоносов атындағы орта мектебінің оқушысы Бижаев Нұрасыл, ІІ орынды А.С. Пушкин атындағы орта мектебінің оқушысы Бейбітбек Сейдолла, ІІІ орынды Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің оқушысы Қусметов Талим иеленді.
Мұғалімдер арасында І орынды Қанай орта мектебінен Сембаев Азамат Құмарғазыұлы, ІІ орынды Бозанбай орта мектебінен Журкабаев Муслим Хасенұлы, ІІІ орынды М. Әуезов атындағы орта мектебінен Армиев Әсет Азаматұлы иеленді.
Командалық есепте үшінші орынды Бозанбай орта мектебі, екінші орынды Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі, бірінші орынды және Бигельдинов атындағы Кубокты А.С. Пушкин атындағы орта мектебі жеңіп алды.
Барлық жеңімпаздар Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің мактау қағаздарымен және медальдарымен марапатталды.