
2022 жылдың 13 мамыры күні Ұлан ауданының 4-5, 6-7 сынып оқушылары арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті. Жарыс 60 және 500 метр қашықтыққа жүгіру, ұлдар мен қыздар аралас эстафета түрінде өткізілді.
Жарыста Асубұлақ орта мектебінен Нұрлыбек Тілек, Мұқият Абдрахман, Б.Ахметов атындағы орта мектебінен Слямов Ералы, Бозанбай орта мектебінен Аралбекқызы Аяулым, Аралбекұлы Нұрғали, М.Ломоносов атындағы орта мектебінен Жұтаев Мейіржан, Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінен Карпова Алиша, Привольное орта мектебінен Андреева Ульяна, Өмірзақ Асқар, Таврия орта мектебінен Жақсылықов Ильяс, Плешкова Екатерина, Кучерина Злата, Гребнева Диана, Тарасова Оксана, Т.Тоқтаров атындағы мектеп-балабақшадан Изотов Андрей, Украинка орта мектеп-балабақша кешенінен Булавкина Екатерина, Бытиков Темірлан жеңіс тұғырынан көрінді.
Эстафетада бірінші орынды Таврия-2, екінші орынды Таврия-1, үшінші орынды Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінің командалары иеленді. Командалық есепте бірінші орынға Таврия орта мектебі, екінші орынға Бозанбай орта мектебі, үшінші орынға Привольное орта мектебі табан тіреді.
Барлық жеңімпаздар Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.