Спорт ардагерлері арасында қазақ күресінен чемпионат

Спорт ардагерлері арасында қазақ күресінен чемпионат

2022 жылдың 15-18 сәуірі аралығында Өскемен қаласында спорт ардагерлері арасында қазақ күресінен Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
Аталмыш чемпионатқа Ұлан ауданының спорт ардагерлері де қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Гагарин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Жүнісбеков Қадір Төлеуханұлы 82 келі салмақта І орын, Ізғұтты Айттықов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің дене шынықтыру мұғалімі Кабдулдинов Ермек Серікұлы 72 келі салмақта ІІ орын, Ұлан ауданы бойынша Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Төлеуханов Әділ Қадірұлы 74 келі салмақта ІІ орын және Төлебаев Сержан Бектемірұлы 92 келі салмақта ІІ орын иеленіп қайтты.