
2022 жылдың 20 сәуірінде Тарғын ауылының «Ізғұтты Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Кеңес Одағының Батыры, гвардия старшинасы Айтықов Ізғұтты Құрманбайұлының 100 жылдығына арналған Ұлан ауданы мектептерінің оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорттық ойындарынан жарыс өткізілді.
Жарысқа ауданымыздың 18 мектебінен 54 оқушы қатысты. Калашников автоматын толық емес бұзып, қайта жинауда І орынды қыздар арасында М.Ломоносов атындағы орта мектебінен Темерхан Салтанат, ұлдар арасында Герасимовка орта мектебінен Сейтқұмаров Әділжан, ІІ орынды Таврия орта мектебінен Касенова Арина мен Гагарин атындағы орта мектебінен Берікбол Мейірбан, ІІІ орынды Гагарино орта мектебінен Өрлеу Едина мен Таврия орта мектебінен Троеглазов Захар иеленді. Қыздар арасында жатып кеуде көтеруде Таврия орта мектебінен Касенова Арина, К.Аханов атындағы орта мектебінен Сейсетова Жансая, Привольное орта мектебінен Кожухова Виктория алдарына жан салмады. Ұлдар арасында биік кермеде тартылуда А.С.Пушкин атындағы орта мектебінен Ерланов Олжас, Привольное орта мектебінен Торғай Бекжан, Бозанбай орта мектебінен Нұртаза Рамиль топ жарды, тіреліп кеуде көтеруде Б.Ахметов атындағы орта мектебінен Қуанышбеков Диас, І.Айттықов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінен Хурманбай Бақытжан, Азовое орта мектебінен Феденев Роман үздіктер қатарынан көрінді. Газтұтқыш киюде командалық І орынды Гагарин атындағы орта мектебі, ІІ орынды Асубұлақ орта мектебі, ІІІ орынды Бозанбай орта мектебі иеленді.
Жалпыкомандалық І орынды Таврия орта мектебі ұтып алса, ІІ орынды Бозанбай орта мектебі, ІІІ орынды Гагарин атындағы орта мектебі мен І.Айттықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені бөлісті. Барлық жеңімпаэдар мен жүлдегерлер білім бөлімінің мадақтама қағаздарымен, жеңімпаз команда кубокпен, жүлдегер командалар волейбол доптарымен марапатталды.