
2022 жылдың 16 сәуірінде Қасым Қайсенов кентінің «Ұлан» орталық стадионында оқушылар және дене шынықтыру мұғалімдері арасында Президенттік көпсайыстан жарыстар өтті. Бұл жарыстың мақсаты оқушылар мен мұғалімдердің физикалық дайындығын тексеру ғана емес, алдағы өтетін облыстық Президенттік көпсайыс жарысына іріктеу болып табылды.
Көпсайыс спорттың бес түрінен өткізілді: қысқа қашықтыққа жүгіру (спринт), кросс, орнынан ұзындыққа секіру, доп лақтыру (9-10, 11-13, 14-15 жастағы оқушылар арасында), граната лақтыру (16-17 жастағы оқушылар және мұғалімдер арасында), биік кермеде тартылу (ұлдар және ер адамдар арасында), жатып кеуде көтеру (қыздар және әйел мұғалімдер арасында).
Қызықты да тартысты өткен жарыстырымыздың жеңімпаздары болып 9-10 жастағы оқушылар, қыздар арасында Бозанбай орта мектебінен Аралбекқызы Аяулым, Базылбек Ахметов атындағы орта мектебінен Ежембаева Мадина, Гагарин атындағы орта мектебінен Сұлтан Амина, ұлдар арасында Бозанбай орта мектебінен Аралбекұлы Нұрғали, Привольное орта мектебінен Сидорин Никита, Асубұлақ орта мектебінен Мұқият Әбдірахман, 11-13 жастағы оқушылар арасында Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінен Аукенова Айханым, Привольное орта мектебінен Өмірзақ Асқар, 14-15 жастағы оқушылар арасында Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінен Сембинова Аружан, Абай атындағы орта мектебінен Серіков Мадияр, 16-17 жастағы оқушылар арасында Привольное орта мектебінен Кожухова Виктория, Кәкен Аханов атындағы орта мектебінен Масгутов Әділет үздіктер қатарынында көрінді.
Дене шынықтыру мұғалімдері арасында 18-23 жас аралығында Бозанбай орта мектебінен А. Шәкіров, Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінен М. Кенжебаев, Сейфуллин атындағы негізгі мектебінен В. Гапонов, 24-31 жас аралығында Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінен Р. Алғабек, Бозанбай орта мектебінен Н. Ашымжанов, Гагарин атындағы орта мектебінен Н. Амантай, Базылбек Ахметов атындағы орта мектебінен Б. Хапас, 32-39 жас аралығында Герасимовка орта мектебінен С. Амантай мен Б. Мұратханұлы, Төлеген Тоқтаров атындағы мектеп-балабақшадан М. Оразғалиев, 40-49 жас аралығында Төлеген Тоқтаров атындағы мектеп-балабақшадан М. Қыстаубаев, Каменка орта мектебінен А. Елеусізов, Кәкен Аханов атындағы орта мектебінен Е. Хамитов, 50-59 жас аралығында Базылбек Ахметов атындағы орта мектебінен Қ. Байбатыров, Привольное орта мектебінен Ш. Захарьянов, Асубұлақ орта мектебінен Ә. Ақтанов, 60 жастан асқан ардагерлер арасында Гагарин атындағы орта мектебінен С. Пазылов, Ғадас Салықов атындағы негізгі мектебінен Ж. Дуанов, Абай атындағы орта мектебінен К. Ибраев жеңімпаздар тұғырына көтерілді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің мадақтама қағаздарымен марапатталды.