
📚Оқушылар арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттілік кеңінен тамыр жайған күрделі мәселе. Өзектілігі өшпеген мәселелерге тоқтау салу мақсатында «Мектеп медиациясы» қолға алынып, қолдауға ие болып келеді. Медиация – бүгінгі күннің маңызды трендіне айналған. Медиатор – тәрбиеге мән беретін тәуелсіз тұлға. Медиацияға қатысушы тараптар медиатордың тәжірибесіне, білімі мен іскерлігіне жүгіне отырып, оңтайлы шешім таба алады. Барлық ынталы тараптармен ынтымақтаса әрекет етіп жүрген заманауи білім ошақтары білім беріп қана қоймай, тұлға ретінде тәрбиелеп шығаруы парыз. Білім деген теңіздің айдынында ауқымды мәселені ақылмен шешу қажет. Ежелден-ақ, тоқсан рулы елдің мәселесін тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, төрелігін айтатын дана халықтың ұрпағымыз. Сондықтан заманауи медиация бағыты да бізге жат емес. Мектеп медиациясының жұмысын ұйымдастыру мақсатында Гагарин атындағы орта мектебінде. Асубұлақ орта мектебінде, М. Әуезов атындағы орта мектебінде мектеп медиаторларын оқытып, сертификаттар тапсырылды. Барлығы 116 мектеп медиаторы даярланды.