
🏆 🏆 🏆 🏆 🏆 🏆 🏆 🏆 "Skills for geeks" облыстық онлайн чемпионаты
🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆
Чемпионаттың ашылуы: 2022 жылдың 14 сәуір күні сағат 09.00-де
Өтетін орны: Қасым Қайсенов кенті., ШҚО ҚБ "Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ, Жалын көшесі, 1/1, "Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі"КММ.
🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆
Балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ үш өлшемді компьютерлік модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника технологияларын игеру және қолдану бойынша оқушылармен жұмысты жандандыру мақсатында 2022 жылғы 14 Сәуірде "10+" және "14+" жас санаттары бойынша "Skills for geeks"облыстық чемпионаты онлайн форматта өткізіледі.
Чемпионаттың облыстық кезеңінің қатысушыларын анықтау үшін 26 ақпанда аудандық кезең өткізілді. Іріктеу кезеңіне барлығы 5 команда, 74 оқушы қатысты. Оқушыларды қамтуға "Amanat "партиясының"балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар"бастамашыл жобасы түрткі болды. Бастамашыл жобаның арқасында ауданның барлық 31 мектебінде IT-сыныптар жұмыс істейді, онда оқушылар цифрлық технологияларға қызығушылықты дамытады және IT-бағыттар бойынша білім алады: робототехника, бағдарламалау, веб-дизайн негіздері, 3D-модельдеу.
Чемпионаттың төрешілері ғылыми дәрежесі бар тәуелсіз мамандар, қаланың білім беру, ғылыми және қоғамдық ұйымдары мен кәсіпорындарының өкілдері болады.
Осылайша, чемпионат IT-бағыттың танымалдылығының өсуіне және оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа ынталандыруға ықпал ететін болады.
Бүгін облыстық чемпионатта Р. Мәрсеков және Гагарин атындағы мектеп оқушылары жарысады!
Оқушыларға сәттілік тілейміз.