
2022 жылдың 30-31 наурызында Ұлан ауданы мектептерінің 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында үстел теннисі жарысынан аудан біріншілігі өтті.
5-6 сыныптар арасында бірінші орынды М. Ломоносов атындағы орта мектебінен Бақытбек Әли мен Азовое орта мекебінен Арғымбекқызы Айзада, екінші орынды С. Аманжолов атындағы орта мектебінен Айдын Ақжол мен Ш. Бәшіков атындағы негізгі мектебінен Заманбекова Зере, үшінші орынды Б. Ахметов атындағы орта мектебінен Құмарбеков Ислам мен Ежембаева Мадина иеленді.
7-8 сыныптар арасында бірінші орынды Азовое орта мекебінен Киікбай Нарбол мен Гагарино орта мектебінен Большакова Татьяна, екінші орынды Ғ. Салықов атындағы негізгі мектебінен Нұрсолтанов Бек пен Тоқтасынова Наргиза, үшінші орынды Ш. Бәшіков атындағы негізгі мектебінен Айдархан Шыңғыс пен Б. Ахметов атындағы орта мектебінен Цурикова Ажар иеленді.
9-11 сыныптар арасында бірінші орынды К. Аханов атындағы орта мекебінен Қуандықов Бекасыл мен С. Аманжолов атындағы орта мектебінен Заманбекова Алина, екінші орынды К. Аханов атындағы орта мектебінен Айтбек Әли мен Намазбаева Карина, үшінші орынды Ш. Бәшіков атындағы негізгі мектебінен Калелов Рахат, С. Аманжолов атындағы орта мектебінен Кунапин Руслан және Ғ. Салықов атындағы негізгі мектебінен Көшерханова Сабира иеленді.
Барлық жеңімпаздар Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.