
25.03.2022 жылы ШҚО ББ «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ұйымдастырумен аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдер ассоциациясының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері А.К Абишева аудандағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытудағы мәселелерді қозғап, оқушыларды пән олимпиадасына дайындауда ұстаздарға бағыт - бағдар берді.
«М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Амангелді Аскерхан: «Ғылыми жобаға дайындаудың алғышарттары», Жанабаева Динара Қабылановна: «Ғылыми жоба рәсімделуіне қойылатын талаптар», Жумабаева Катипа Нубораковна: «Қазақ тілі мен әдебиетінен ғылыми жоба жазу жолдарын үйрету» тақырыптарында өз іс – тәжірибелерімен бөліссе, 11-сынып оқушысы Бақтыбек Томирис мұғалімдерге ғылыми жобаны қорғау үлгісін көрсетті.
Отырыс соңында ассоциация жетекшісі А.К Болаева республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің съезінде өткен мәселелерге тоқталып, аудан мұғалімдерімен съезде көтерілген мәселелер жайлы ой бөлісті.