Ардагер ұстаз Шелегеда Виктор Степановичты еске алуға арналған волейбол жарысы

Ардагер ұстаз Шелегеда Виктор Степановичты еске алуға арналған волейбол жарысы

2022 жылдың 24 наурызында Каменка орта мектебінде ардагер ұстаз Шелегеда Виктор Степановичты еске алуға арналған волейбол жарысы өткізілді. Турнир жеңімпазы болып Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектебінің командасы анықталды. Екінші орынды Каменка орта мектебінің командасы, үшінші орынды Привольное, Лут және Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептердің құрама командасы иеленді. Жүлдегерлер мадақтамалармен, жеңімпаз кубокпен марапатталды.