«Hucuton» IT-camp жобасы

«Hucuton» IT-camp жобасы

«IQanat» білім беру қоғамдық қоры жыл сайынғы «IQanat» республикалық олимпиадасының іріктеу турларынан өткен жалпы білім беретін ауыл мектептерінің 8-сынып оқушыларын академиялық даярлаумен және әдістемелік сүйемелдеумен айналысып келеді.

2021-2022  оқу жылының басынан бастап Қор IQIP (IQanat Intensive Program), тәлімгерлік және IQIT «Hucuton»  сияқты жаңа жобаларды іске асыруда.

Биылғы жылы Қор ауыл оқушыларының сапалы білім алуға ынталандыру деңгейін арттыру үшін оқыту бағдарламаларын кеңейтуге байланысты 2022 жылғы 12-13 наурыз  аралығында Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск кенті, Щучинск БИЛ (Білім Инновация лицейі) базасында Smart House, Chat Bot және Data Science 3 бағыт бойынша  «Hucuton» IT-camp жобасы 9-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды.

Аталған жобаға:

Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінен 4 оқушы;

Таврия орта мектебінен 1 оқушы;

Привольное орта мектебінен 2 оқушы;

Гагарино орта мектебінен 1 оқушы;

К. Аханов атындағы орта мектебінен 3 оқушы;

Ш. Башиков атындағы негізгі мектебінен 1 оқушы;

Барлығы 12 оқушы қатысып қайтты.

Жоба барысында қатысушылар ардуиндермен, чиптермен жұмыс жасап, ақылды үйлерді құрап, деректерді өңдеуді, чат-боттарды құруды үйреніп, қорғады.

Жоба қорытындысында 7 оқушы алтын, 2 оқушы күміс орындармен марапатталды.

Алтын жүлде:

1.Мұхаметжан Қуаныш, «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ;

  1. Құрманбаева Аяулым Дулатқызы, «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ;
  2. Төлегенова Наргиз Сериккызы, «Таврия орта мектебі» КММ;
  3. Қалелов Рахат, «Ш. Башиков атындағы негізгі мектебі» КММ;
  4. Сейтхан Бұлбұл Санатқызы, «Привольное орта мектебі» КММ;
  5. Серік Күміс Серікқызы, «К. Аханов атындағы орта мектебі» КММ;

Күміс жүлде:

1.Кашаганова Самал Медетқызы, «К. Аханов атындағы орта мектебі» КММ;

2.Сейтова Жансая Рауанқызы, «К. Аханов атындағы орта мектебі» КММ;

Барлық жеңімпаздарды, ата-аналарын және жетекшілерін құттықтаймыз!