Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы еске алу құрметіне арналған мұғалімдер және оқушы қыздар арасында пневматикалық мылтықпен оқ атудан әскери-спорттық жарысы

Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы еске алу құрметіне арналған мұғалімдер және оқушы қыздар арасында пневматикалық мылтықпен оқ атудан әскери-спорттық жарысы

2022 жылдың 10 наурызы күні Герасимовка орта мектебінде Халықаралық әйелдер күніне орай Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы еске алу құрметіне арналған мұғалімдер және оқушы қыздар арасында пневматикалық мылтықпен оқ атудан әскери-спорттық жарысы өткізілді.
Мұғалімдер арасында І орынды М. Ломоносов атындағы орта мектебінен Абраимова Нургуль Сейтжапаровна, ІІ орынды Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінен Егорова Наталия Валерьевна, ІІІ орынды Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінен Бағдатова Назима Бауыржанқызы иеленді.
Оқушы қыздар арасында І орынды Базылбек Ахметов атындағы орта мектебінен Сатаева Толқын, ІІ орынды Бозанбай орта мектебінен Шәризат Жұпар, ІІІ орынды Герасимовка орта мектебінен Ақылжан Дильбар иеленді.
Командалық есепте үшінші орынды М. Ломоносов атындағы орта мектебі, екінші орынды Бозанбай орта мектебі, І орынды және ауыспалы кубокты Базылбек Ахметов атындағы орта мектебі ұтып алды.