Аудандық IT чемпионат

Аудандық IT чемпионат

Аудандық IT чемпионат🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы мен "Nur Otan" партиясының "Балаларға арналған тегін IT- сыныптар" бастамашыл жобасын жүзеге асыру аясында 3 D-модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған "SKILLS FOR GEEKS" атты аудандық IT-чемпионат Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінде өтті. Мақсаты: Роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету. Білім саласында ғылым технологиясының дамуына орай, оқушыларды ғылыми ізденіспен айналысуға дағдыландыру. Робот техникасы бойынша дарынды оқушылардың шығармашылық ортасын қалыптастыру.
10+ және 14+ категорияларынан үш бағыт бойынша қатысты.: спорттық робот техникасы, 3 D-модельдеу, бағдарламалау. Аудан бойынша барлығы 5 мектептен 5 команда қатысты. Олар: Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп, Бозанбай орта мектебі, Б. Ахметов атындағы орта мектеп, Украинка орта мектеп-балабақша кешені.
🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆🏆Чемпионат қорытындысында Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі және Гагарин атындағы орта мектеп оқушылары 6-7 сәуірде Семей қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.