Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ана бақыты – бала бақыты» атты аудандық байқау

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ана бақыты – бала бақыты» атты аудандық байқау

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында
«Ана бақыты – бала бақыты» атты аудандық байқау

2022 жылғы 3 наурыз күні «Ана бақыты – бала бақыты» атты аудандық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
-Отбасындағы бір біріне деген сыйластықты, құрметті дәріптеу отырып, отбасылық құндылықтарды арттыру;
- Ананың қызына деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын, өнегесін үлгі ретінде көрсету;
- Өнерге көркемдік эстетикасын, танымдық қызығушылықтарын ояту.
Байқауға жалпы білім беретін 21 мектептен 9 – 12 жас аралығындағы 1 қыз бала мен анасы қатысты. Жұмыстар төмендегі критерийлер бойынша бағаланды:
- бейнеролик ұзақтығы 2 минуттан аспауы;
- орындаудың дәлдігі мен эстетикасы;
- байқау номинациясының тақырыбын ашуы;
- жас сәйкестігі, әртістілігі;
- туындының бейнеролигы авторлық құқықпен қорғалған және байқау мақсатына сай болуы керек.
Ережедегі ұсынылған номинациялар:
1. «Ана көрген тон пішер» тақырыбында сәндік - қолданбалы өнер номинациясы. Қызы анасымен бірге жасаған бұйымның жасалу жолдарын бейнебаянға түсіру.
2. «Қыз анадан үйренбей өнеге алмас» номинациясында кез келген белгілі шығармалардан ана мен бала арасындағы диалог жатқа оқуы.
3. «Ән – көңілдің ажары» номинациясында қатысушылар бірігіп өз өнерлерін паш етуі.
Нәтижесінде «Ана көрген тон пішер» номинациясы бойынша:
1 орын – «Тоқтаров атындағы мектеп балабақша» КММ, Изотова Кристина
2 орын – «Пушкин атындағы орта мектеп» КММ, Құмарғазина Диляра
3 орын – «Қанай орта мектебі» КММ, Нейфельд Виктория
«Қыз анадан үйренбей өнеге алмас» (диалог оқу) номинациясында:
1 орын – «Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ, Аймұхамед Мадина
2 орын – «Қайсенов атындағы орта мектеп» КММ, Ерболатқызы Жанерке
3 орын – «Бозанбай орта мектебі» КММ, Насиқан Айжан
«Ән – көңілдің ажары» номинациясында:
1 место – «Гагарин атындағы орта мектеп» КММ, Серікқызы Аяулым
2 место – «Лут атындағы орта мектеп» КММ, Сирюк Елена
3 место – «Айттықов атындағы орта мектеп – балабақша кешені» КММ, Түгелбаева Ақбота