Республикалық математика мұғалімдерінің съезін талқылау бойынша Ұлан ауданының математика мұғалімдерінің онлайн кездесуі

Республикалық математика мұғалімдерінің съезін талқылау бойынша Ұлан ауданының математика мұғалімдерінің онлайн кездесуі

4 наурыз күні Ұлан ауданының математика пәні мұғалімдері 17 ақпанда Қарағанды қаласында республикалық математика пәні мұғалімдерінің съезінде көтерілген мәселелер мен ұсыныстар жайлы ой бөлісіп онлайн кездесу жасады. Қанай орта мектебінің математика мұғалімі Садыкова Асия Кабденовна мен Т.Тохтаров атындағы мектеп балабақшасының математика мұғалімі Агарина Наталья Петровна съездің төрт секциясы жұмыстары туралы айта отырып, талқыланған өзекті мәселелердің бірі -математика пәнін оқытудағы қиындықтар мен ұсыныстарға тоқталды. Бұл мәселелерді пән мұғалімдері жиі зерделеп, шешемін табу жолдарын қарастырып жүргендіктен, әріптестер белсенді түрде ой бөлісті. Ұзақ мерзімді жоспарлауды қайта құру, оның ішінде 10-11 сыныптар үшін: оқу мақсаттарының санын қысқарту бағытында қайта қарау; 1 жартыжылдықта жаңа тақырыптарды оқуды аяқтау; 2 жартыжылдықта  қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға сапалы дайындау мақсатында материалды қайталау және жалпылау, оқулықтардың оқу бағдарламасына сәйкестігіне, ұзақ мерзімді жоспарлауына, оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмалардың болуына талдау жасау мұғалімдердің ойынан шықты. Бұл бағыттағы идеялар жан- жақты талқыланып, ұстаздар қауымы болашақта орындалатынына сенім артты.