ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» мамандарының қатысуымен функционалдық сауаттылық бойынша семинар - практикум

ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» мамандарының қатысуымен функционалдық сауаттылық бойынша семинар - практикум

23-24 ақпан аралығында "Герасимовка орта мектебі" КММ-де ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» мамандарының қатысуымен семинар - практикум өткізілді. Семинарға ауданымыздың математика, физика, химия, биология және география пән мұғалімдері қатысып функционалдық сауаттылық бойынша білімдерін жетілдірді. Семинар соңында барлыққатысушыларға сертификат табысталды.

PISA зерттеу шеңберінде функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығы. Зерттеу үш жылда бір рет өткізіледі. Әр зерттеуде үш саланың бірі ғана бойынша функционалдық сауаттылық бағаланады. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді. Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.