
2022 жылдың 22-24 ақпаны аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры» Жеке қорының қолдауымен «SportFEST Kazakhstan» Спартакиадасы өтті. Спартакиада спорттың алты түрін қамтыды: тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, баскетбол, футзал және әскери-қолданбалы спорт түрі.
Әскери-қолданбалы спорт түрінен Таврия, Бозанбай, А.С.Пушкин және М.Ломоносов атындағы орта мектептер оқушыларынан құралған командамыз жүлделі екінші орынға тұрақтап, арнайы кубокпен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.