
2022 жылғы 14 ақпанда «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптар аралығында республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі басталды.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне барлығы 240 оқушы қатысады.
Бұған дейін олимпиаданың аудандық кезеңі қағаз форматында өткізіліп келді. Биылғы жылы олимпиада электронды платформада «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша прокторинг жүйесін, сондай-ақ аудиторияның жалпы көрінісін бейнетрансляциялау арқылы өткізілуде. Тапсырмаларды орындап болған соң әрбір қатысушының сканерленген жұмыстары сайтқа орналастырылады.