Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

2021 жылдың 7 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Олимпиада оқушылардың интеллектуалдық белсенділігі мен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін жүзеге асыруға жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты жүзеге асыру аясында ертерек профильдеу, ынтасы жоғары оқушыларды, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары мотивацияланған оқушыларды анықтау мақсатында өткізілді.

Неғұрлым айқындықты қамтамасыз ету үшін Олимпиада өткен орында бақылаушы ретінде «Adaldyq alany» республикалық жоба кеңсесінің өңірлік филиал өкілі қатысты.

Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздарынан - облыстың 300-ден астам оқушысы қатысты. Жас білгірлер математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындады.
Олимпиада қорытындысында:
Қазақстан тарихы пәні бойынша: жүлделі І орынды Гагарин атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Әділбек Каусар иеленді. Жетекшісі Ургушева Санигул. К. Аханов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Қабылғазинова Аяна жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Нурахметова Жанар.
Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша:
С. Аманжолов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Смайылұлы Ғасыржан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Задахан Меруерт. Бозанбай орта мектебінің 6-сынып оқушысы Тұрарұлы Нұрболат жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі Серік Салтанат.
Орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша:
А.С.Пушкин атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Құмарғазина Диляра, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Муглиева Роза.
Орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша:
Базылбек Ахметов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Кумарбеков Ислам, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Табыс пен жеңістер тілейміз!