
2021 жылғы 8 желтоқсан «Асубұлақ орта мектебі» КММ-нің дебат клубының ойыншылары мен «Ш. Башиков атындағы негізгі мектебі» КММ-нің дебат клубының ойыншылары арасында пікірталас болды. ZOOM платформасында «Бұл палата Қазақстан Республикасының білім беретін мектептерінде 1-сыныптан бастап үштілділікті дамыту саясатын қолдайды» тақырыбы бойынша онлайн пікірталаста оппозиция фракциясы ретінде пікір білдірген «Асубұлақ орта мектебі» КММ-нің дебат клубының спикері Асқар Бейбітке «Үздік спикер» номинациясы берілді.