Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының кезекті отырысы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының кезекті отырысы

2021 жылғы 6 желтоқсанында «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ –не қарасты барлық білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің мұғалімі, ассоциация жетекшісі  Болаева Айнұр Қантайқызы, Асубұлақ орта мектебінің тәжірибелі ұстазы Нұрсейітова Бағлан Құмарқызы 9-11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындауда эссе жазу дағдысын жетілдіру жұмыстары бойынша іс –тәжірибелерімен бөлісті. Отырыс спикері  ШҚО «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жанындағы әдістемелік кабинет әдіскері Абишева А.К.