
Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әскери қолданбалы спорттық ойындардан оқушылар арасында жарыс өткізілді.
Бұл жарысқа 16 мектептен 48 оқушы қатысты. Жарыс төрт кезеңнен өтті, ММГ АК-74 Калашников автоматын толық емес бұзып, қайта жинау, пневматикалық мылтықтан оқ ату, биік кермеде тартылу және газтұмылдырық кию.
ММГ АК-74 Калашников автоматын толық емес бұзып қайта жинауда 1 орынды Герасимовка орта мектебінің оқушысы Сейтқұмаров Әділжан, 2 орынды Гагарин атындағы орта мектептің оқушысы Берікбол Мейірбан, 3 орынды Гагаринская орта мектебінің оқушысы Өрлеу Ернар озық болды. Биік кермеде тартылуда 1 орынды А.С. Пушкин атындағы орта мектептің оқушысы Ерланов Олжас, 2 орынды К. Аханов атындағы орта мектептің оқушысы Масгутов Әділет, 3 орынды І. Айттықов атындағы орта мектеп балабақша кешені оқушысы Хурманбай Бақытжан жеңіп алды. Пневматикалық мылтықтан оқ атуда 1 орынмен І. Айттықов атындағы орта мектеп балабақша кешені оқушысы Мұратбек Мұхамет, 2 орынмен Герасимовка орта мектебі оқушысы Тұрсынханов Рахат, 3 орынмен М. Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Қанатов Эльдар мерген атанды. Газтұмылдырық киюде 1 орынды Гагарин атындағы орта мектеп, 2 орынды Н. Лут атындағы орта мектеп, 3 орынды Таврия орта мектебі жеңіп алды.
Жалпы есепте Таврия, Гагарин және К. Аханов атындағы орта мектептер жеңімпаз атанды.
Барлық жеңімпаздар білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.