
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 20 қараша күні Ұлан ауданы мектептерінің оқушы қыздары арасында волейбол жарысы өтті. Аталмыш жарысқа ауданымыздан іріктеліп шыққан 6 команда қатысты. Тартысты өткен ойындар нәтижесінде І орынды Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі, ІІ орынды Асубұлақ орта мектебі, ІІІ орынды А.С. Пушкин атындағы орта мектебі жеңіп алды.