
«Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Ұлан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесе, көпкезеңдік облыстық жарыстардың ережелерін қолға ала отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған балалар арасында мектепішілік және аудандық кезеңдерін өткізді
Мақсаты мен міндеттері:
- Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-елдің өркендеуінің берік негізі" Жолдауын іске асыру;
- дене шынықтырумен айналысатын және салауатты өмір салтын насихаттайтын балалар мен жасөспірімдер санын ұлғайту;
- жарысқа қатысушылар арасында жағдай жасау және ынталандыру, жеке және командалық қасиеттерді дамыту, спортта өз әлеуетін ұзақ мерзімді іске асыруға қолдау көрсету
Ауданымыздың 31 мектебі көпкезеңдік облыстық жарыстардың 11 түріне қатысты. Спорт түрлеріне жауапты дене шынықтыру мұғалімдері тағайындалып, өткізілетін орындар анықталды. Барлық жарыстар жоғары деңгейде өткізілді. Мектепішілік кезеңдерде 2399 оқушы, ал аудандық кезеңде 518 оқушы қамтылды
Спорттық жарыстар жеңіл атлетика, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, дзю-до, еркін күрес, волейбол (ұлдар, қыздар), баскетбол (ұлдар, қыздар), шағын футбол және гір спорты түрлерінен өткізілді
Аудандық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақтау қағаздарымен марапатталды
Аудандық құрама командаға барлығы 98 оқушы қамтылды, облыстық жарыстарға дайындық жұмыстары жүргізілуде
Қазіргі таңда біздің волейболшылар (ұлдар, қыздар) және палуандарымыз (қазақ күресі, дзю-до, еркін күрес) аймақтық кезеңнен өтіп, көпкезеңдік облыстық жарыстардың финалына жолдама ұтып алды
25 қарашада Риддер қаласында өткен асық атудан көп кезеңді спорттық жарыста Сәрсен Аманжолов атындағы орта мектеп оқушыларынан құралған біздің команда бес тас ойыны бойынша қыздар арасында бірінші орын, Ұлдар бес табан ойыны бойынша екінші орын алып, финалдық ойындарға жолдама алды.