Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
Көрсетілген қызметтер саны – 7448.
Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
Қызметтерді көрсету нысаны:
Электронды түрде – 3693
Қағаз түрінде – 3755
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 0.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Білім беру ұйымдарына қабылдау үшін құжаттарды қабылдау-563 қызмет.
Қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау - 515 қызмет.
Мектептерде тегін тамақтану — 1001 қызмет.
Балаларды тегін тасымалдауды ұсыну - 552 қызмет.
Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау — 467 қызмет.
Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою — 606 қызмет.
Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру - 33 қызмет.
Балаларды білім беру ұйымдары арасында ауыстыру -181.
Педагогтерді аттестаттау - 70 қызмет.
Ресми интернет-ресурс және Instagram парақшасы:
https://www.instagram.com/ulan_bilim_bolimi?igsh=MXU4OXYwNGJoamx6MQ==
Ауданның білім беру мекемелеріндегі ақпараттық стендтер.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жария талқылауға қатысу мүмкіндігі туралы ата аналар мен тұрғындарды үнемі хабардар ету жүргізіледі egov.kz.
Жалпы мектептің ата-аналар жиналыстарында және әр сынып бойынша жеке-жеке, мектеп директорының жанындағы кеңестерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жауапты тұлғаның жеке консультациясы.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды сапалы хабардар ету.
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ алу қажеттілігін белсенді түсіндіру.
Жауапты қызметкерлер соңғы жаңартуды ескере отырып, өзекті заңнамалық актілерді, стандарттар мен ережелерді үнемі зерттеп отырады.
Жұмыс 15.04.2013 жылғы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның негізінде 23.12.2023 жылғы өзгерістермен жүргізіледі.
4.Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау.
Қызмет көрсету барысында шағымдар болған жоқ.
Есепті кезеңде қызмет көрсетуден 36 бас тарту түсті.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ай сайынғы мониторинг жүргізіледі.
2024 жылы бақылау жүргізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.
2024 жылы қоғамдық мониторинг жүргізілді, ескертулер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру үшін: қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарлануда.
- Білім бөлімінің ведомстволық бағынысты ұйымдары бойынша Мемлекеттік қызметтер стандарттарын түсіндіру үшін кездесулер мен семинарлар өткізу.
- Уақтылы және сапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау.
- Бұқаралық ақпарат құралдары, Интернет-ресурстар және электрондық үкімет порталдары арқылы халықты белсенді ақпараттандыру.
Қосымша:
180 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Халықты түсіндіру шараларымен қамту 10 856 адамды құрады.