Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоспары

 

         Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоспарына сай,  Бозанбай ауылында орналасқан  "Айгөлек " бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  базасында «Ұлттық құндылық- ел қазынасы» тақырыбында аудандық семинар практикум өткізілді.  Семинарға аудан бойынша мектепке дейінгі мекемелердің  меңгерушілері, әдіскерлері және педагог тәрбиешілері қатысты.

         Сондай-ақ ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Джаманбаев Ринат Ерболович қатысып, мектепке дейінгі мекемеде алғаш бастауын тауып ашылып отырған «Бестемше» кабинетіне ризашылығын білдіріп, алдағы атқарылатын жұмыстарына  сәттілік тіледі.

Семинарға қатысушылар  жаңадан ашылған «Бестемше» кабинетінің жұмыс жүйесімен танысты. 

         Семинарға қатысушыларға "Айгөлек" бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының   педагог тәрбиешілері мектепке дейінгі мекемелерде «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарымен таныстыра отырып, жыл көлемінде жоспарлы түрде атқарылып отырылған жұмыстарының нәтижесін көрсетіп,  «Ұлттық құндылық-балабақшада», «Ұлттық құндылықты дәріптеу» тақырыптарында  шебер-сыныптар өткізді.

          «Әжелер мектебі-тәрбиенің бастау бұлағы» тақырыбында сұхбат, пікір алмаса, ой бөлісе отырып, қатысушы педагог мамандармен практикалық тұрғыда жұмыстар ұйымдастырылды.

         Семинарға қатысушылар Айгөлек бөбекжайының бүлдіршіндерінің өнеріне тәнті болды.  Әдістемелік тұрғыда қажетті мәліметтер алғандары туралы ой-пікірлерін айтып, балабақша ұжымына алғыстарын білдірді.

         Мектепке дейінгі мекемелер арасында әдістемелік тұрғыда өзара тәжірибе алмасу барысында практикалық оқыту семинарларын  өткізу жоспарға сай жалғасын табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоспары
Дата публикации
08 апреля 2024