Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы материалдар сериясымен қорытындылауды жалғастырады.

 

Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы материалдар сериясымен қорытындылауды жалғастырады.

 

���Бүгінгі шолуда білім беру саласы туралы әңгіме қозғалады. Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда.

 

���Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді.

 

⚒️ 210 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

���️«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды (екі ауысымда).

 

✅ Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылған сәттен бастап арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түсті.

 

���Нәтижесінде жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 76,7 мың оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 28,6 мың оқушыға арналған 17 мектеп пайдалануға берілді.

 

���️ 1 қыркүйектен бастап 1,6 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.

 

✅ Биылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өсті.

 

✅ Қыркүйек айынан бастап 98 мыңға жуық тәрбиешінің жалақысы 30%-ға артты.

 

���‍��� 2023 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 88 мыңнан астам грант бөлінді.

 

���‍��� 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсіп, 41 898 теңгеге (педагогикалық ғылымдар – 67 200 теңгеге) жетті, магистранттар мен докторанттар шәкіртақылары 15%-ға өсіп, тиісінше 97 024 және 217 500 теңгеге көтерілді.

 

���‍��� Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға көтерілді.

 

���️ Биыл 5,9 мың орынға арналған 25 студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 5 мың орындық тағы 19 жатақхана ашу жоспарланып отыр.

 

��� Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жалғасуда.

 

 

Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы материалдар сериясымен қорытындылауды жалғастырады.
Дата публикации
19 декабря 2023