Қаржылық қауіпсіздік – маңызды мәселе.

Қаржылық қауіпсіздік – маңызды мәселе.

Қаржылық сауаттылық дегеніміз ақылға қонымды қаржылық шешімдер қабылдау және қаржылық әл-ауқатқа қол жеткізу үшін жеке қаржы ресурстарын басқару бойынша білім мен дағдыларды өмір бойы тиімді пайдалану қабілеті. Бірақ, өкінішке орай елімізде интернет-алаяқтық және қаржы пирамидалары сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны көбеймесе, әлі де азаяр емес, тіпті білімді және қызметтегі азаматтардың өзі де алдану қаупінен сақтанбаған.

Салымшылардың қаражатын осындай схемаларға жаппай тарту тәуекелдерін жою үшін әлеуметтік желілердің сайттары мен аккаунттары бұғатталады. Қаржылық мониторинг агенттігінің деректеріне сүйенсек, тек биылғы жылдың өзінде 3 мыңнан астам интернет-ресурстар бұғатталды, олардың 8 мыңнан астамы талдау орталығының қарауында тұр. Осыған ұқсас алдын алу жұмыстары қаржылық және экономикалық құқық бұзушылықтардың басқа да түрлері бойынша жалғасып жатыр.

Туындайтын міндеттерді жүйелі шешу үшін Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған қаржылық мониторингті дамыту тұжырымдамасын бекітті, оны іске асыру үшін Агенттік білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне қаржы қауіпсіздігі жөніндегі тақырыптарды енгізу мәселелеріне бастама берді. Биылғы оқу жылында мектептер мен университеттерде Агенттіктің аумақтық Департаменттерінің қызметкерлері алғаш рет «Қаржылық қауіпсіздік» бойынша дәрістер өткізіп, онда қаржылық қылмыстар саласындағы ең өзекті қоғамдық мәселелер қозғалды. Осылайша студенттер мен олардың оқытушылары Экономикалық тергеп-тексеру қызметкерлерінің жеке өздерінен банктік карталармен, интернет-дүкендермен, қаржылық пирамидалармен және лудомания мәселелерімен байланысты қаржылық алаяқтықтың күрделі схемалары жайында дәріс алды.

Оқу жылының басынан бері 17 мыңға жуық оқушы мен студентке дәріс оқылды. Оның ішінде 300-ге жуық мектеп, 34 жоғары оқу орны және 40 колледж қамтылды. Оқу жылында қаржылық қылмыстардың түрлері мен тәсілдері туралы, оның ішінде заманауи ақпараттық технологияларды, блокчейндер мен криптовалюталарды қолдану арқылы тақырыптық сабақтар сериясы жоспарланған.

Қаржылық қауіпсіздік – маңызды мәселе.
Дата публикации
14 декабря 2023