23 қазан 2023 жылы мектебімізде

23 қазан 2023 жылы мектебімізде көлі мен шөлі, тауы мен даласы тең таңғажайып табиғаты бар, тарихы шежіреге толы – Ұлан ауданының 95- жылдығымен қатар келген, Республика күні қарсаңында «Мектеп кеме-білім теңіз» атты жаңа технологиямен жабдықталған кабинеттердің салтанатты ашылу өтті.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кемінде мың мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде қазіргі күні елімізде 506 мектеп жаңғыртылды. Мемлекет басшысы еліміздің мектептерінде робот техникасы, физика, химия, биология, STEM пәндерінен 2023 жылы мың кабинет ашуды тапсырған болатын. Қазіргі күні «Ауыл мектебі» жобасы аясында біздің «Р.Мәрсекова атындағы  орта мектебі» КММ- н  де қарқынды жұмыстар жүзеге асырылуда.

Осыған орай «AITAS» холдингі мен Білім берудегі  тұрақты даму қоры, Назарбаев Зияткерлік мектебі және «Р. Мәрсекова атындағы  орта мектебі» КММ- н бірлесіп "Ауыл мектебі" жобасы іске асырылуда .

Жоба аясында 2021 жылы 9 кабинет жаңартылды. Бүгінгі күні 7 кабинет Назарбаев Зияткерлік мектебі  мектебінің стандарттарына сәйкес ашылды. Барлық кабинеттер қажетті жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталған. Мектептің педагогикалық құрамы оқушылардың оқыту семинарларын , сабақтарын , ғылыми-практикалық конференцияларын , конкурстарын , шеберлік сыныптарын , олимпиадаларын , ғылыми жобаларын өткізеді .

Бүгінгі маңызды іс-шараға ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Александровна Чернышева, Ұлан ауданының әкімінің орынбасары Оқасов Қуат Барысұлы, «Егемен Қазақстан» газетінің  Шығыс Қазақстан облысының тілшісі Мерей Қайнар, «Біздің Өскемен» жобасының авторы Дарын Нұрсапар, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бакимбаев Айтмухамбет Ескенович, , Ұлан ауданының аудандық маслихат төрайымы Калиева Гульмайра Набиевна , Аудандық құқық және медиация орталығы, Іскер әйелдер қауымдастығы, мектеп директорлары, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері қатысты.

 

 

23 қазан 2023 жылы мектебімізде
Дата публикации
23 октября 2023