Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ (Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері (тиісінше ресімделген сенім хат болған кезде) электрондық форматта конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне ulanroo @mail.kz электрондық мекен жайына немесе электрондық форматта құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып 2023 жылғы 13 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекті қоса алғанда, әр жұмыс күні сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін) төмендегі мекенжайға ұсынады: Шығыс Қазақстано блысының білім басқармасы «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ (Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5, № 114 кабинет.
Өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға конкурстық құжаттаманы ұсынуы Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №381 бұйрығында қарастырылған.
Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі:
1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;
2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
3) төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлау жүйесі бар (дабыл түймешесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесінің болуы);
4) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды (бейне бақылау жүйесінің болуы);
5) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;
6) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырған;
7) санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасаған;
8) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлар мен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш («мектепке дейінгі ұйымның атауы» жолында БСН және заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманың бірегей нөмірін көрсету керек);
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру сызбасы;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы 8(72338) 27-345 телефоны арқылы алуға болады.
Қосымша
|
Өтініш нысаны |
Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
_______( төрағаның Т.А.Ә.
(бар болғанда)
Өтініш
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне_____________________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы, БИН)
қосуды өтінемін.
Осы арқылы келесіні хабарлаймын:
1) мектепке дейінгі ұйымның жаңа орындарының саны: _______________;
2) өтініш берген күнгі жағдай бойынша тәрбиеленушілердің нақты контингенті: _____ бала, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша _________ бала;
3) бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
____________________________________________;
(орналастырылды/ орналастырылған жоқ)
4) мектепке дейінгі ұйым Ұлттық білім беру деректер базасын пайдаланушы болып табылады.
Осы арқылы мектепке дейінгі ұйым:
1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның нақты қуаты шегінде балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау жөніндегі талаптарды;
2) адамдар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын;
3) мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын;
4) Ұлттық білім беру деректербазасындағы:
- тәрбиеленушілер;
- тәрбиешілер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы ақпаратты ай сайын толтырудың;
5) "Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) сәйкес "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің;
6) тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың тамақтануы үшін жергілікті атқарушы орган белгілеген ата-ана төлемінің мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ парақта.
Басшы _______________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
______________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
Толтырған күні "______" __________20____ж.
Мөр орны (бар болғанда)