
Барлық өңірлердегі мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қою және жолдама беру шараларын автоматтандыру.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілік проблемаларын шешу және кезектің қалыптасуы мен функциясы, сондай-ақ жолдама беру процесін автоматтандыру мақсатында барлық (100%) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кезектілікті автоматты бөлу және балабақшаларға жолдама беру жүйесі енгізілді. 2021 жылы автоматтандырылған құрылғы арқылы 354 жолдама берілді.
Жүйелерді Ұлттық білім беру деректер қорымен (ҰБДҚ) интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілді. Ақпараттық жүйелерден алынған деректер ҰБДҚ-ға беріледі. Осылайша, контингент, білім беру мекемелерінің қызметкерлері туралы деректерді толтыру және ұсыну бойынша сыбайлас жемқорлық қаупі жойылады.
Орта білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті автоматтандыру.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен облысымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастады. Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады. 2021 жылдың 1 сәуірмен 1 тамыз аралығында аудан мектептеріне 532 бала қабылданды. 505 бала электронды, 27 бала қағаз өтінішпен қабылданды.
«Күнделік.kz» электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесі.
2020-2021 оқу жылында облыс мектептерінің «Күнделік.kz» электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесін толтыруы бойынша жұмыс жалғастырылуда. «Kundelik» БАЖ-дың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында ай сайын мектептермен онлайн-кеңес өтіп отырды. Кеңесте осы бағыттағы проблемалық мәселелер талқыланды. «Kundelik» ЖШС-мен бірлесіп оқыту вебинарлары ұйымдастырылды және өткізілді.
COVID-19 коронавирус пандемиясы кезінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, білім беру ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқитын мектептер Оnlinemektep.kz платформасының көмегімен білім алды.
Аудан педагогтарына білім беру процесінде осы онлайн модульдерді қолдану бойынша онлайн-вебинарлар үнемі өткізіліп тұрды. Семинарларға жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдері, мектептерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға жауапты мамандары қатысты.
Цифрлық білім беру ресурстарын қолдану.
2021 жылы ауданның 31 (100%) мектебі «BilimLand» цифрлық білім беру ресурстарына, «iTest» ҰБТ-ға дайындық бағдарламасы және аудиовизуалды шығарма-анимациялық фильмдер жинақталған «iMektep» виртуалды оқыту кешеніндеріне қосылды. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану белсенділігін арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі