«Ұлан ауданының білім бөлімі» ММ-нің жылдық жоспарына сәйкес аудан көлемінде көптеген интеллектуалдық байқаулар, конкурстар, олимпиадалар, әдеби оқулар ұйымдастырылып, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде оқушыларымыз әртүлі олимпиадаларға, байқауларға, сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды
Дарынды балалар саны – 670
Әртүрлі аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға, әдеби оқуларға, зияткерлік сайыстарға, байқауларға қатысқандар саны -392. Қатысушылар саны 58,5 пайызға артты
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық «Абай оқулары» байқауында С.Аманжолов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Жұмабек Маржан жүлделі ІІ орынды иеленді
Қазақстан Республикасының демеушілерімен ұйымдастырылған «IQanat» ауыл мектептеріне арналған білім беру олимпиадасында математика, ағылшын тілі, «Эрудит» эссе конкурсы бойынша сынға түсіп, өз білімдерін көрсетіп, Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары Жармұхаметов Диас, Мамырханова Жамал және Бозанбай орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мейрамбек Мәрмәр республикалық кезеңде жүлделі І орынды иеленіп, грант иегерлері атанды
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры дарынды балаларды анықтайтын «Елбасы медалі» жобасына Асубұлақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Тоқтасынова Жанерке қатысып, «Елбасы медалі» жобасының қола жүлдегері атанды
Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден Президенттік олимпиадасының облыстық кезеңіне Р. Марсеков атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Қайратұлы Даулет қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді
«Qazaq Epos» ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық байқауының облыстық кезеңіне Герасимовка орта мектебінің 9-сынып оқушылары Қуаныш Нұрай мен Мұқиятқызы Гаухар қатысып, Ережеге сай жүлделі орындарды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Ел Үміті» бастамасын іске асыру аясында облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңінде
"К.Аханов атындағы орта мектеп" КММ-нің 5-сынып оқушысы Тұрсын Бекасыл, «Т.Тохтаров атындағы мектеп - балабақша» КММ-нің 5-сынып оқушысы Дидарқызы Аружан, «Таврия орта мектебі» КММ-нің 6-сынып оқушысы Нигметов Владимир жүлдегер атанып, Елбасы Академиясының сертификаттарымен марапатталды. ІІ кезеңнің жеңімпаздары шығармашылық және интеллектуалды дамуы үшін Елбасы Академиясының Birgeoqý Онлайн мектебіне қатыса алады
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Сәрсен Аманжолов атындағы университетімен бірлесе отырып, онлайн режимде «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасына М. Ломоносов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Темірбек Аружан, Украинка орта мектеп - балабақша кешенінің 11-сынып оқушысы Родионова Варвара қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы облыстық жасөспірімдер олимпиадасында 7-8 сынып оқушылары математика, физика, биология, химия, информатика, география пәндері бойынша қатысып, өз білімдерін көрсетті
Олимпиада қорытындысы бойынша 4 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Олар:
ІІІ орын - Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Гук Илья информатика пәні бойынша
ІІ орын - Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Сырым Жандосұлы география пәні бойынша
ІІ орын - Бозанбай орта мектебінің 8-сынып оқушысы Шакирова Арай физика пәні бойынша
ІІ орын - Бозанбай орта мектебінің 8-сынып оқушысы Толықбаева Ақерке математика пәні бойынша
«Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбындағы «Балалар бастауы-2021» республикалық әлеуметтік жобалар конкурсының облыстық кезеңінде
ІІI дәрежелі дипломмен Кокпаева Еркежан – Бозанбай орта мектебінің 6-сынып оқушысы, Жолдыбаева Диана – Бозанбай орта мектебінің 9-сынып оқушысы марапатталды
5-6 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен С. Аманжолов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Қабдылқызы Айша жүлделі III орынға ие болды.
Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің түлектері, «Алтын белгіге» үміткерлер арасында жыл сайынғы «АҚЫЛДЫ AWARDS 2021» сыйлығының қорытындысында Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары Қанатова Аружан мен Зарылканов Азамат грант иегері атанды
Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
2021 жылдың 11 қарашасында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету мақсатында онлайн режимде лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді
Олимпиаданың облыстың кезеңіне жалпы білім беретін мекемелерінен 8-11 сыныптардан аудандық кезең жеңімпаздары - 53 оқушы қатысты
Балалар белгіленген уақыт ішінде, оларға таныс емес тілде деректерді қамтитын бірнеше тапсырмаларды талдап, шешті
Лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 27 жүлдегер анықталды, олардың (1 орын -4 , 2 орын -9, 3 орын - 14)
Соның ішінде "Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-нің С.Аманжолов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Кеңесқан Гүлпила қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, жетекшілерін құттықтаймыз!