
Ұлан ауданында 33 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді., оның ішінде 4 мемлекеттік, 7 жекеменшік, 3 мектеп- балабақша кешені, 19 жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталық
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту -94% (1159 бала), 3 жастан 6 жасқа дейін - 100% ( 801 бала) құрайды. Сондай-ақ, 31 мектепте мектепалды даярлықпен 505 бала қамтылған. Мектепке дейінгі мекемелерге 1 жастан 3 жасқа дейін 320 бала кезекте тұр
Мектепке дейінгі мекемелерде-163 педагог жұмыс істейді. (балабақшаларда-116, шағын орталықтарда-47). Оның ішінде мектепке дейінгі біліммен - 77 (43%)
Жоғары білімді педагогтар - 78, (48%); арнайы орта біліммен -85. ( 52%)
кезектілігін төмендету мақсатында 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуде мектепке дейінгі мекемелер ғимаратынының желісін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі есебінен кеңейту жоспарланған:
Жаңа жекеменшік балабақшаларды ашу үшін кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыс жалғасатын болады
2018 жылдан бастап ауданда балаларды мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою және жолдама берудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді