Ұлан ауданының мұғалімдері ШҚО ББ "Шығыс" өңірлік орталығының бекітілген кестесіне сәйкес 2021-2022 оқу жылында инклюзивті білім беру бойынша курстық дайындықтан өтуде. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 235 педагогы өтті
ҚР Үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 31.12.2015 жылғы №1193 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес дене дамуы мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмысы үшін; ақыл-есі кем даму мүмкіндіктері бар білім беру ұйымдарында оқуға жататын Ұлан ауданының педагогтеріне базалық лауазымдық жалақысының 40% мөлшерінде қосымша ақы төленеді
Ұлан ауданының 532 педагогіне ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға және осы санатпен жұмыс істейтін білім беру мекемелерінде оқитын педагогтерге қосымша ақы жергілікті бюджет есебінен төленеді
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды жүзеге асыратын барлық білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік кешендері, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды алып жүру бойынша әдістемелік әдебиеттері бар
Инклюзивті білім беруге оқыту бойынша тірек мектеп болып Ұлан ауданының №208 білім бөлімі болып 2017 жылдың 07 тамызында ресурстық орталық болып Қасым-Қайсенов кенті, "Р. Марсеков атындағы орта мектебі" КММ тағайындалды. Орталықтың негізгі қызметі ақпараттық, ғылыми-педагогикалық, материалдық-техникалық және басқа да ресурстарды үйлестіру және интеграциялау арқылы білім беру ұйымдарында инклюзияны енгізуді ресурстық қамтамасыз етуге бағытталған. Ресурстық орталық базасында бекітілген жоспарларға сәйкес инклюзивті оқыту бойынша, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасау әдістемесі бойынша оқыту семинарлары, тренингтер және басқа да іс-шаралар өткізіледі, мектеп мұғалімдеріне кеңестер беріледі
Барлық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін педагог-психолог кабинеті бар. 2020 жылы "Асубұлақ орта мектебі " КММ-де инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Аталған кабинет ШҚО бойынша білім басқармасының қолдауымен инклюзивті білім беруді дамыту жобасы аясында жабдықталған
Ауданда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді, олар бүгінгі күні ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға түзету бойынша қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда Қасым-Қайсенов кентіндегі ППТК (психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне) 55 бала барады. Түзету кабинетінде 7 маман жұмыс істейді