GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Мәслихат туралы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 октября 2026
2026 жылғы 21 қазанда Өскемен қаласы әкімдігінің «Аумақтық басқару орталығы» КММ-нің филиалында Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау өтті.

2026 жылғы 21 қазанда Өскемен қаласы әкімдігінің «Аумақтық басқару орталығы» КММ-нің филиалында Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау өтті.
Кездесулер барысында қала тұрғындары абаттандыру және қалалық инфрақұрылымды күтіп ұстауға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, төмендегі мәселелер талқыланды:
• аула аумақтарын абаттандыру;
• автомобиль жолдары мен тротуарлардың жағдайы;
• көшелерді жарықтандыру;
• аулалардың санитарлық жағдайын сақтау;
• БНҚ бойынша өтініштер беру және тиісті жұмыстарды іске асыру.
Тұрғындардың барлық өтініштері бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Қаралған мәселелерді одан әрі зерделеу және қажетті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға тиісті сұраулар жолданды.
Өскемен қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындармен өзара байланысты нығайту, оларды толғандырған мәселелерді қарастыру және қаладағы өзекті проблемаларды шешуге жәрдемдесу жұмыстарын жалғастыруда.

15 октября 2026
2026 жылғы 14 қазанда Өскемен қаласының ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесуге арналған Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысы өтті.

2026 жылғы 14 қазанда Өскемен қаласының ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесуге арналған Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысы өтті.
Кездесу барысында қатысушылар ардагерлер мен аға буынды толғандыратын бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
Денсаулық сақтау мәселелеріне, оның ішінде ауған соғысы ардагерлеріне санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыруға және оларды қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, қатысушылар көше жарығын жөндеу, интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш және автомобиль жолдарының жай-күйі мәселелерін көтерді. Славский атындағы Набережная көшесінде орналасқан Ауған жауынгерлеріне арналған стеланы жөндеу қажеттілігі бөлек талқыланды.
Отырысқа қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасып, ардагерлер мен қала тұрғындарын толғандыратын мәселелерді көтерді.
Кездесу қорытындысы бойынша талқылау нәтижелері шығарылды, бейінді ұйымдардың есептері тыңдалды, сондай-ақ ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастырылды. Болашақта олар қарау және кейіннен іске асыру үшін уәкілетті органдарға жіберілетін болады.

05 октября 2026
Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!

Құрметті Өскемен қаласының педагогтері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің еңбектеріңіз – қоғамымыздың болашағын қалыптастыратын маңызды миссия. Сіздер шәкірттерге білім беріп қана қоймай, олардың бойында азаматтық қасиеттерді қалыптастырып, ойлануға, армандауға және алға қойған мақсаттарына жетуге үйретесіздер. Сіздердің күш-жігерлеріңіз бен шыдамдылықтарыңыз әрбір оқушыға жаңа білім игеріп, өз қабілеттері мен таланттарын ашуға мүмкіндік береді.

Осы мерекелі күні шәкірттеріңізге деген адалдықтарыңыз, оларға сыйлайтын жылулықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздер – шәкірттеріне бағыт-бағдар беріп, шабыттандыратын нағыз тәлімгерсіздер. Сіздердің еңбектеріңіздің маңызы зор.

Сіздерге зор денсаулық, қажыр-қайрат және шығармашылық шабыт тілеймін! Әр күндеріңіз қуаныш пен жаңа мүмкіндіктерге толы болсын, ал шәкірттеріңіз өз жетістіктерімен сіздерді әрдайым қуанта берсін!

Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы                А. Светаш

01 октября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйекте Өскемен қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

2026 жылғы 30 қыркүйекте Өскемен қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі қаладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды қарау болды.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды ұсынды. Мақсатты аудиториялармен, оның ішінде жастармен, неғұрлым тығыз өзара іс-қимыл орнатуға, сондай-ақ аудио және бейнематериалдарды кеңінен пайдалануға ерекше назар аудару ұсынылды.
Сондай-ақ отырыс барысында экономика, шағын және орта бизнес және туризм мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы есеп қаралды. Комиссия төрағасы Мағаша Ашметовна Сайдуақасова ағымдағы жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен комиссия қызметінің нәтижелері туралы ақпарат ұсынды.
Қоғамдық кеңес жұмысына сарапшылар тобының қатысуына да ерекше назар аударылды. Талқылау қорытындысы бойынша комиссиялардың қызмет бағыттарына сәйкес сарапшылар тобының мүшелерін Қоғамдық кеңестің отырыстарына, сондай-ақ қарауға шығарылатын мәселелерді дайындау жұмыстарына белсендірек тарту туралы шешім қабылданды.
Отырысқа қатысушылар сарапшылар қауымдастығымен одан әрі өзара іс-қимыл жасаудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені бейінді мамандарды тарту қоғам үшін маңызды мәселелерді неғұрлым егжей-тегжейлі әрі жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
Отырыс қорытындысы бойынша әзірленген барлық ұсынымдар одан әрі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданады.

01 октября 2026
Даналық, құрмет және мейірімділік күнімен құттықтаймыз!

Құрметті аға буын өкілдері!
Сіздерді мейірімділік, даналық пен құрмет күнімен құттықтаймын!

Бұл күн – сіздердің өмірлік тәжірибелеріңізге, даналықтарыңызға және қоғамның дамуына қосқан баға жетпес үлестеріңізге алғыс білдіріп, құрмет көрсету үшін айрықша ерекше сәт. Сіздер көптеген маңызды оқиғалардың куәгерлері әрі белсенді қатысушылары болдыңыздар.

Сіздердің арқаларыңызда біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудеміз, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді дамытуға мүмкіндік алып отырмыз. Сіздердің еңбектеріңіз бен қажырлы күш-жігерлеріңіз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағына берік негіз қалдырады.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен әр күннің қуанышын тілеймін. Айналаңыз әрдайым қамқор жандарға толы болып, әрбір сәтіңіз жақындарыңыздың жылуы мен мейіріміне бөленсін!

Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы    А. Светаш

01 октября 2026
Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы, еңбек сіңірген демалыста жүрген бұрынғы аппарат қызметкерлерін Даналық, құрмет және мейірім күнімен құттықтады

Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы, еңбек сіңірген демалыста жүрген бұрынғы аппарат қызметкерлерін Даналық, құрмет және мейірім күнімен құттықтады.

Кездесу барысында оларға мықты денсаулық, бақыт және амандық тілектері жеткізіліп, сонымен қатар мерекеге орай берілген сыйлықтар табыс етілді.

Мұндай кездесулер – қаланың дамуына және жергілікті өкілетті органның қызметіне үлес қосқан адамдарға алғыс білдіру мүмкіндік береді.

30 сентября 2026
Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала бюджетіне өзгерістер енгізілді.

Сессияда депутаттар қабылдаған шешімге сәйкес қала әкімдігінің шұғыл шығындарға арналған резерві ұлғайтылды, сондай-ақ қаладағы автобус тасымалдарын субсидиялау үшін қосымша бюджет қаражаты қарастырылды.

29 сентября 2026
Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Өскемен қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында заңнама талаптарына сәйкес жыл сайын жер комиссиясының құрамын бекіту қажеттілігіне байланысты аталған комиссияның жаңа құрамы келісілді.

Сонымен қатар, отырыста жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждар үшін иеліктен шығару туралы шарттар қаралды. Жер учаскелері меншік иелерінің келісімі алынғаннан кейін мәселе мәслихат сессиясының қарауына шығарылды.

28 сентября 2026
.

Өскемен қалалық мәслихатының қызметкерлері қаланы тазалау күніне қатысты, онда олар қоғамдық орындардағы қоқысты тазалады.

Көшелерді тазалау - біздің ортақ міндетіміз!

25 сентября 2026
Депутаттар мен қала тұрғындарының назарына

Депутаттарменқалатұрғындарыныңназарына.2026жылғы28қыркүйектесағат15.15-де Өскеменқалалықмәслихатыныңкезектен тыс  сессиясы өтеді (Пермитин көшесі,17,конференц-зал).

Ұсынылатын күн тәртібі:

         1) Мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерін және жылжымайтын мүлігі бар жер учаскелерін иелліктен шығару шарттарын келісу туралы

         2) Әр түрлі.

Төменде сессияның онлайн трансляциясын көруге арналған сілтеме берілген

https://instagram.com/maslihat_oskemen?igshid=MzNlNGNkZWQ4Mg==

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы