Меню

Страницы

Статья

Қоғмдық кеңестің қызметі туралы

2021 жылғы қаңтар-маусым айы аралығындағы Өскемен қаласы  қоғамдық кеңесінің Қызметі туралы ақпарат

2021 жылдың  қаңтар - маусым айы аралығында  Өскемен қаласы қоғамдық кеңесінің 45 іс-шарасы  өткізіліп, ұйымдастырылды, олардың ішінде:

2021 жылдың қаңтар-маусым айы аралығында Өскемен  қаласы   қоғамдық  кеңесінің 6 отырысы болды, оның ішінде 3-уі қоғамдық тыңдау форматында, 3-уі шектеу шараларына байланысты онлайн форматта өтті;

25 -  сараптамалық жұмыс топтарының отырысы;

10 - ауыспалы отырыс;

4 - Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі бойынша ауыспалы рейд;

-  Шектеу шаралары (коронавирус пандемиясы) кезеңінде спорт объектілерінің жұмысын зерделеу мақсатында бару.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек"мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі комиссияға қатысу.

«Өскемен қаласында көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы» конкурстық комиссиясына қатысу.

Қоғамдық кеңестің мүшелері келесі құрамға  енгізілген:

- жер комиссиясы;

- Өскемен қаласының қаржы бөліміне 2021 жылдың 4 айына арналған  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы;

- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі комиссияның дербес құрамы;

- Өскемен қаласында қоғамдық көлікте жол жүру үшін сараланған тарифті белгілеу үшін жұмыс тобы;

- Өскемен қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобы;

-   «Менің аулам» бағдарламасы аясында аула аумақтарын айқындау жөніндегі комиссия.

-   жобалық ұсыныстарды қарауға арналған сараптамалық кеңес

- Өскемен қаласында көрнекі ақпаратты дұрыс жазу бойынша мониторинг жүргізу, түсіндіру және консультациялық жұмыс жүргізу жөніндегі жұмыс тобы.

Қоғамдық  мониторинг

1.Шектеу шаралары кезеңіндегі әлеуметтік нысандардың жұмысы.                                                                 2. Өскемен қаласының жолдарын жөндеу сапасы.

  1. Өтемдік жұмыстары.
  2. Көп балалы отбасылар үшін жеңілдікпен берілетін тұрғын үйдің сапасы.          
  3. Әлеуметтік дүкендер мен бөлімдердегі бағаларды бақылау.
  4. Резервтік қордағы көкөністерді сақтау сапасы. Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасы "ШЖҚ КМК бойынша "Фавипиравир"  дәрілік препаратының пайдаланылуын бақылау.

Қоғамдық тыңдалым

«Қ.Сәтпаев даңғылы бойындағы №135 тұрғын үй аумағының жанындағы көп қабатты көп пәтерлі тұрғын үй жобасы. Абаттандыру және инженерлік желілер».

2021 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Өскемен қаласы  қоғамдық кеңесімен 17 нормативтік құқықтық актілер жобасы қаралды, оның ішінде:

  • Өскемен қаласы мәслихаты шешімінің жобасы – 12,
  • Өскемен қаласы әкімдігінің қаулылары – 5.

келесі бағыттар бойынша:

  • бюджетке өзгерістер енгізу және бюджеттің орындалуы бойынша-5;
  • Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында – 2;
  • білім беру саласында – 1;
  • Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша-4;
  • Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша-5;
  • Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында-2.

Әлеуметтік желілерде қоғамдық кеңес жариялаған материалдардың саны мен қысқаша мазмұны:

Саны - 15 

  • Қоғамдық кеңес отырыстарында қаралған мәселелер туралы ақпарат: Өскемен қаласы  қоғамдық көліктерде (трамвайда) жол жүру тарифінің қымбаттауы;
  • Өскемен қаласында қоғамдық көлікте жол жүруге сараланған тарифті белгілеу туралы;
  • Өскемен қаласы мен ШҚО-дағы қараусыз қалған жануарлар мәселесі;
  • Өскемен қаласының жолдарын жөндеу сапасы ;
  • экология және көгалдандыру мәселелері.
  • БАҚ-та ОС жариялаған материалдардың саны және қысқаша мазмұны:

Саны - 8

  • Қоғамдық кеңес отырыстарында қаралған мәселелер туралы ақпарат;
  • Өскемен қаласында қоғамдық көлікте (трамвайда) жүру тарифін көтеру;
  • Өскемен қаласында қоғамдық көлікте жүруге сараланған тариф белгілеу туралы.
  • ШҚО және Өскемен қ. қараусыз қалған жануарлар мәселесі;
  • Өскемен қаласының жолдарын жөндеу сапасы ;
  • экология және көгалдандыру мәселелері.
  • "Хабар-24" телеарнасы ҚТҚ шығару тарифінің көтерілгені туралы ақпарат.
  • сайт Yk.kz, облыстық "Алтай" телеарнасы, "Рудный Алтай" газеті"

Мемлекеттік органдардың сайттарында жарияланған материалдардың саны және қысқаша мазмұны

Саны - 2                                                                                                                     

  • Өскемен қаласы жолдарының сапасы.

Мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалды:

  • «Өскемен қаласының білім бөлімі» ММ;
  • «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ»;
  • «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
  • «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
  • «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;
  • «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;
  • «Өскемен қаласының Ішкі істер басқармасы».

Өскемен қаласының қоғамдық кеңесінің сараптамалық жұмыс тобы  басшыларының 2021 жылғы жұмыс нәтижелері туралы есептері тыңдалды.

2021 жылдың қаңтар айында  халықтың, қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен «Өскемен қаласы әкімінің  қаланың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» есебі өтті.

Коронавирустық пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай бойынша қоғамдық кеңес мүшелері Өскемен қаласында коронавирустың алдын алу мәселелерін түсіндіру  жұмыстарына  қатысты.

Сараптамалық жұмыс топтары Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен дүкендерде, сауда орталықтарында, базарларда және басқа да объектілерде, сондай-ақ қоғамдық көлікте санитарлық нормаларды сақтау бойынша рейдтер өткізді.

Өскемен қаласының қоғамдық кеңесі алдағы уақытта мынандай жұмыстарды жоспарлайды:

- Қоғамдық ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың өкілдерін, азаматтарды, тиісті салалардың сарапшыларын тарта отырып, коммуникативтік іс-шараларды (конференциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар) ұйымдастыру;

- Халықтан келіп түсетін мәселелерді, ұсыныстарды, өтініштерді жинау, қорыту, оларды тиісті мемлекеттік ұйымдар мен аумақтық кеңестерге бөлу жөніндегі «жедел желі» жұмысын жалғастыру, «жедел желі» байланыстары туралы, ықтимал жүгіну тәсілдері туралы халықты барынша кең   хабардар ету;

- Мемлекеттік органдармен өзара бірлескен іс-шаралар өткізу, қоғамдық кеңес мүшелерін оқыту.

- Өскемен қаласы әкімдігінің жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесіне азаматтарды қабылдау  әр бейсенбі күні сағат 9.00-ден 11.00-ге дейін іске асырылады. 

Өскемен қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы И. Чернышёва

Қоғамдық кеңес хатшысы А. Козыбаева

Дата публикации
28 июля 2021
Дата обновления
28 июля 2021
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

25 апреля 2025
VIII сайланған Өскемен қалалық мәслихатының 22 сайлау округінің депутаты Серік Мұратбекұлы Оразғалиевтің сайлауалды бағдарламасы
29 января 2025
2 сайлау округі бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
29 января 2025
2024 жылы 13 сайлау округі бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы