Жастарды мәдениетке, адамгершіліккке және патриоттыққа тәрбиелеу туралы

2026 жылғы 19 науырз                                                                             № 4/2

 

 

Әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі

комиссия отырысы

 

 

Жастарды мәдениетке, адамгершіліккке
және патриоттыққа тәрбиелеу туралы

 

Тұрақты комиссия әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссия отырысының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі                 № 8/2 қаулысында (бұдан әрі — Қаулы) көзделген ұсынымдар толық көлемде орындалмағанын атап өтті.

Ақпаратты тыңдап, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Ақпарат мәліметке алынсын.
  2. «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Өскемен қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаулының барлық тармақтарын толық және сапалы орындау ұсынылсын.
  3. «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне оқушылардың білім беру ұйымдарына театрларға, мұражайларға және басқа да мәдени мекемелерге тегін бару мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау ұсынылсын.
  4. Осы қаулының іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихатқа 2026 жылғы 01 шілде дейінгі мерзімде хабардар етілсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссияға жүктелсін.

 

 

Әлеуметтік сала және халықты

әлеуметтік қорғау мәселелері

жөніндегі комиссия төрағасы                                                              А. Есімбекова

Дата публикации
30 марта 2026