2026 жылғы 19 наурыз № 4/1
Өскемен қалалық мәслихатының әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы
Анастасия Юрьевна Герцтің
жолданымын қарау туралы
Ақпаратты тыңдап, комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1) тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған «толық емес отбасы» санатындағы азаматтар арасында тұрғын үй алу кезегінің ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу;
2) «толық емес отбасы» санаты үшін жеңілдікті кредиттеудің өңірлік бағдарламасын іске асыру үшін бюджет қаражатының қажеттілігін айқындау;
3) «толық емес отбасы» санатын «Бақытты отбасы» бағдарламасына қайтару мүмкіндігін қарастыру, не болмаса осы санат үшін жеңілдікті кредиттеудің қосымша өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге бастамашылық жасау;
4) «толық емес отбасы» санаты үшін тұрғын үй бағдарламаларының қолжетімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және белгіленген тәртіппен енгізу ұсынылсын.
Тұрақты комиссия төрағасы А. Есімбекова