Хабар Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының екі қосымша учаскелік сайлау комиссияларын құру және №№ 1192, 1193 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының мәслихаты 2 жаңа учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

            Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 25 ақпанға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған. (https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/documents/details/549409?lang=ru

       https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/documents/details/549404?lang=ru)

            Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттеріне белгіленген бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында "сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу" кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификаттың болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

            Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, Орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 25 ақпанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

Өскемен қалалық мәслихаты

 

Светаш Александр Александрович-Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17.

Жауапты тұлғалар-Бжицкий Татьяна Александровна, Бражникова Надежда Андреевна каб. № 204, 205, қалааралық телефон коды (87232), тел.26-29-00. Электрондық пошта мекенжайы: na.brazhnikova@akimvko.gov.kz

 

Қалалық мәслихат 2 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:

 

Учаскелік сайлау комиссиялары-2.

         №

 

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың)атауы

Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы

комиссия мүшелерінің саны

Елді мекен

кош.

Үй

1

2

3

4

5

6

8

  1.  

 

№ 1192

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 50 орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Өскемен

 

кош. Базовая

 

4а

 

7

  1.  

 

№ 1193

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 50 орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өскемен

 

кош. Базовая

 

4а

 

7

 

Өскемен қалалық мәслихаты

 

Дата публикации
10 февраля 2026