Өскемен қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға шығындарды өтеу мөлшерін қарау туралы

2026 жылғы 8 қаңтар                                                                                         № 2

 

Өскемен қалалық мәслихатының әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

 

Өскемен қаласында мүгедектігі бар

балалар қатарындағы мүмкіндіктері

шектеулі балаларды жеке оқу

жоспары бойынша үйде оқытуға

шығындарды өтеу мөлшерін қарау туралы

 

Ақпаратты тыңдағап,  комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Ақпаратты назарға алынсын.
  2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бірлесіп ұсынылсын:

1) Жеке оқу жоспары бойынша үйде оқитын мүгедек балалар қатарындағы мүміндігі шектеулі балалардың қажеттіліктеріне кешенді талдау жүргізу;

2) балалардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, үйде оқытуды ұйымдастыру үшін талап етілетін қажетті оқу, әдістемелік, техникалық және өзге де керек-жарақтардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің өзекті тізбесін қалыптастыру;

3) талдау және есеп айырысу нәтижелері бойынша мүгедек балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшерін айқындау (қайта қарау) бойынша негізделген ұсыныстар дайындау.

  1. Осы қаулының іске асырылу барысы туралы қалалық мәслихат
    2026 жылғы 30 қаңтарға дейінгі мерзімде хабардар етілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Тұрақты комиссия төрағасы                                                              А. Есимбекова

Дата публикации
12 января 2026